400 келі балық аулаған браконьер ұсталды – ШҚО
Глубокое ауданының тұрғыны заңсыз түрде 400 келі балық аулаған.
Тәртіп сақшылары өңір аумағында «Браконьер» жедел шарасын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Altaynews.kz.
Заң бұзушы «Өскемен-Шемонаиха» тасжолының 60-шы шақырымында ұсталды. Полиция қызметкерлері «ВАЗ» маркалы көліктен шамамен төрт жүз келі табан балық тәркіледі.
40 жастағы тұрғын балықты Убинка ауылындағы Шүлбі су қоймасынан аулаған көрінеді.
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіге үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін», - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.