ШҚО-да жүк пойызы рельстен шығып кетті

Шығыс Қазақстан облысында жүк пойызының вагоны рельстен шығып кетті.
Оқиға 3 ақпанда «Риддер» станциясында болған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Бұл факті қылмыстық кодекстің 344-бабының 1-бөлігі бойынша (теміржол көлігін пайдалану немесе қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу жүріп жатыр», - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.