KZ
Өскемен
-18°
туман Штиль
501.49 525.71 5.77

ШҚО-да мыңға жуық жаяу жүргінші жауапқа тартылды

шартты сурет

1.03.2023, 10:06 260 Оразай Жеңісұлы

Тәртіп сақшылары «Қауіпсіз жол» іс-шарасының қорытындысы туралы айтты.

Бес күн ішінде жол ережесі 3850 рет бұзылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Соның ішінде жаяу жүргіншілер 948 рет тәртіп бұзған. Мас күйде көлік жүргізу бойынша 38 факті тіркелді. 100 жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермеген, тағы 27 жүргізуші қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.

«Жүзден астам көлікті пайдалануға тыйым салынды. Соның ішінде 44 көлік арнайы тұраққа қойылды. 70-тен астам көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі алынды», - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу