Облыс әкімдігінде Жаңа Бұқтырма кентінде және жағалауда туристік жобаны іске асыру мәселесі жөнінде кеңес өтті.
Көпшілікті алаңдатып отырған Осинов асуын айналып өтетін республикалық маңызы бар жолға биыл тендер жарияланады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
"Қазавтожол" өкілі жақында олар түзетілген жобаны алып, жаңа бюджетке сәйкес тендер жариялауы керек екенін айтқан. Биыл тендерлік рәсімдер өтіп, мердігерлер жұмысқа кіріспек.
- Біз жағалауды абаттандыру үшін сатып алатын 103 жер учаскесіне келетін болсақ, иелерінің барлығы дерлік келісті. Бірақ екі проблемалық жер телімі бар, Алтай ауданының әкімі иелерімен кездесіп, оларды қандай жағдайда сатуға дайын екендіктерін анықтауы керек. Сондай-ақ, бес иеленушімен тәуелсіз комиссияның бағалауынан кейін жерді нарықтық құны бойынша сатып алу туралы келіссөздер жүргізілуде, - деді облыс әкімі.
Ал, Жаңа Бұқтырма кентінде қазақ тілінде оқытатын 200 орындық жаңа мектеп, Өрт сөндіру бөлімін салатаны болады. Сондай-ақ ауруханаға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жабдықталматын болады.
- Жобада жылу желілерін реконструкциялау, жарықтандыру жүргізу, трассадан кентке дейінгі жолды жөндеу, жаяу жүргіншілер мен веложолдарды орнату, орталық аллея мен алаңды абаттандыру көзделген. Наурызда мен Жаңа Бұқтырма тұрғындарымен кездесіп, олардың тілектері мен ұсыныстарын тыңдауға дайынмын, - деп атап өтті аймақ басшысы.