ШҚО-да сарымсақтың қымбаттауына Пәкістандағы су тасқыны себеп

Шығыс Қазақстан облысында сарымсақ қымбаттады.
Баға жоғарылау себебін облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Елдос Байрахметов түсіндірді.
- Мемлекеттегі азық-түлік бағасы сыртқы факторларға байланысты. Пәкістанда су тасқыны болды. Пәкістан пияздың ең үлкен үлесін әлемге жеткізетін бірден-бір ел. Сондықтан баға көтерілді. Қазақстаннан пиязды сыртқа алып сату жұмыстары басталғанда, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі оны экспорттауға тыйым салды. Бірақ пияздың бір бөлігі сыртқа кетті. Олар уақытылы әрекет етті, сондықтан баға сақталады. Бүгінгі таңда тұрақтандыру қорында бағаны ұстап тұруға көмектесетін қорлар бар. Қазір тұрақтандыру қорының сауда павильондарында пияз келісі 110 теңгеден сатылуда, - деді Елдос Байрахметов.