KZ
Өскемен
-18°
туман жел 1 м/с, С
501.49 525.71 5.77

Өскемен: сауда дүңгіршектері сүріліп жатыр

3.03.2023, 10:28 340 Оразай Жеңісұлы

Облыс орталығында заңсыз орналастырылған сауда дүңгіршектерін бөлшектеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Жыл басынан бері он дүңгіршек бөлшектелді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 

«Дүңгіршектерді көбінесе көпқабатты үйлердің және сауда орталықтарының аумағына заңсыз орналастырады. Мемлекет меншігіндегі жерлерді өз бетінше иемдену заңнамаға қайшы келеді. Мұндай жағдайда әкімшілік айыппұл салу және нысандарды мәжбүрлеп бөлшектеу қарастырылған», - деп мәлімдеді қала әкімдігі.

Облыс орталығында 2022 жылы 69 дүңгіршек, 2023 жылдың басынан бері 10 дүңгіршек бөлшектелді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу