ШҚО әкімі тұрғынның баспана мәселесін бақылауға алды

фото: ШҚО әкімінің инстаграмы
Бұған дейін хабарлағанымыздай, облысының әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауда қала тұрғыны баспанаға қатысты мәселесін шешуге көмек беруді сұрады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Ольга Нальковскаяның айтуынша, құрылыс компаниясы келісім шарттық міндеттемелерді орындамаған.
– Ол науқас анасына үй салу үшін несие алған. жұмыс өткен жазда аяқталуы керек болса да, үй әлі тапсырылмаған. Жақын арада компания кепілдік міндеттемелерге қол қояды, соған сәйкес уәделерін орындауға тиіс. Әйтпесе істі құқық қорғау органдары қарайды, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.