KZ
Өскемен
-19°
туман Штиль
501.49 525.71 5.77

ШҚО-да мұз өткелінен өтіп кеткен жүргізуші сотталды

3.03.2023, 12:25 626 Ләззат Қанатқызы

6 желтоқсан күні Самар ауданындағы Бұқтырма су қоймасында жүргізуші тыйым салу белгісін елемей, мұз өткелі арқылы өтпек болып, нәтижесінде жеңіл көлік суға батып кетті. Көлікте 5 адам болған. Олардың төртеуі көліктен шығып үлгерген, ал 1950 жылы туған әйел адам суға батып кетті.

Жүргізушіге екі жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

2 наурызда Самарауданының соты жүргізушіге қатысты қылмыстық істі ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша қарады (абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған жол ережесін бұзу).

- Ер адамның асырауында жас бала болғандықтан жаза жеңілдетілген. Күдікті екі жарым жылға бас бостандығынан айырылып, бес жыл ішінде көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу