KZ
Өскемен
-18°
туман жел 1 м/с, З
501.49 525.71 5.77

Қоғамдық орында айтылған балағат сөз үшін салынатын айыппұл көлемі өсті

6.03.2023, 12:04 316 Ләззат Қанатқызы

Бүгіннен бастап қазақстандықтар қоғамдық орында айтылған балағат сөз үшін төрт есе артығымен айыппұл төлейді.

Яғни 20 АЕК (69 000 теңге) көлемінде айыппұл салынып, қамауға алу 5-тен 30 тәулікке дейін ұзарады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Сонымен Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бұған дейін сот ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 АЕК (17 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салатын немесе 15 тәулікке дейін қамауға алатын.

- Соңғы жылдары бөтеннің мүлкіне, оның ішінде азаматтар ортақ пайдаланатын заттарға қасақана зақым келтіру фактілері жиіледі. Сіздер өмірде кіреберістердегі зақымдалған лифттер, айналасы сынған, түймелері өртенген, түрлі жазумен бүлдірген фактілерге тап болған шығарсыздар. Көбіне мұндай әрекетті адамдар қасақана жасайды. Яғни, олар саналы түрде басқаның мүлкін бүлдіреді, - деген еді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының міндетін атқарушы Азамат Құрымбаев министрліктің апталық брифингінде.

Оның айтуынша, залал мөлшері оған жетпеген жағдайда азаматтар өздері дәлел жинау, олардың жүрген жерін білу сияқты мәселелермен айналысады. Өйткені залалды өтеу азаматтық-құқықтық алаңда шешіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу