KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
478.54 533.76 5.17

Семей орманындағы өрт бойынша қылмыстық іс қозғалды

11.06.2023, 17:32 247 Оразай Жеңісұлы

Семей орманындағы өрт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының арнайы шығарылымының эфирінде айтылды.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінен мәлім еткендей, өртке қатысты тергеу Қылмыстық кодекстің «Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша жүргізіледі.

Тергеу жүріп жатқан бап бойынша бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

«Менің ойымша, бұл істе жауапты адамдардың саны жеткілікті. Олар Төтенше жағдайлар министрлігінің және Орман шаруашылығы комитетінің қызметкерлері болуы мүмкін. Сонымен қатар аталған аймақтағы жалпы төтенше жағдай және орман шаруашылығына жауапты тұлғалар да тергеу аясында жауапқа тартылуы ықтимал», - деді Jibek Joly телеарнасына сұхбат берген заңгер Серік Беркамалов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив