KZ
Өскемен
-16°
пасмурно жел 1,4 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Доллар бағамы төмендеді

Фото: vlast.kz

16.06.2023, 17:23 208 Ләззат Қанатқызы

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15.30-дағы жағдай бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,86 теңгеге төмендеп, 450,99 теңге болғанын мәлімдеді.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 63,32 теңге (+0,39) болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Еуро бағамын Ұлттық банк 490,04 теңге, рубльді 5,39 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 448,5-452 теңге, еуро 492,5-497,5 теңге, ресей рублі 5,31-5,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің бағасы 15.35-тегі жағдай бойынша 0,50%-ға арзандап, барреліне 75,17 доллар болды, ал WTI маркалы мұнайдың шілдедегі фьючерстері 0,53%-ға төмендеп, 70,08 доллар болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу