KZ
Өскемен
-16°
ясно жел 2 м/с, В
494.95 525.49 5.05

19 қараша – Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні

19.11.2023, 12:00 229 Назерке Каримова

Бүгін – ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні. Ел диқандары мен шаруалары атаулы мерекеге биыл да зор табыспен жетіп отыр.

Арғыдан аманатқа алған атакәсібінің өзі ауыл ша­руашы­лығынан алыстай қоймаған еліміз әуел бас­тан аграрлы мемлекет еді. Ендігіне ен салынбаған иен даланың төсіне дән шашып, төскейін толтыра мал өргізген. Содан да шығар, ілкіде өткендердің ішер астан таршылық көрген тұсы жоқ. Осының өзі-ақ әр қазаққа ой салса керек...

- Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты бойынша Қазақстан – әлемде көшбасшы елдердің бірі. Біз бидай мен ұнды шетелге сатамыз, соңғы жылдары майлы дақылдарды да сата бастадық. Былтыр ет экспорты рекордтық көрсеткішті құрады. Жалпы ауыл шаруашылығының экспорты 5,6 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл – бұрын соңды болмаған көрсеткіш. Таяу жылдары оны 10 млрд долларға жеткізуді көздеп отырмыз, - дейді ҚР АШМ Стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары Сержан Шәріпов. 

Ауыл шаруашылығы – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру – стратегиялық міндет. Оның дамуына ықпал ету – мемлекеттің ғана емес, фермерлердің алдындағы маңызды міндет.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу