KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность Штиль
498.34 519.72 4.85

Ұлан ауданында үш адамға иіс тиіп, ауруханаға түсті

ШҚО ТЖД

24.02.2024, 16:00 167 Назерке Каримова

Пештің түтін құбырларының уақтылы тазаланбауы салдарынан оқыс оқиға орын алды.

Гагарино ауылында үш адам көміртегі тотығымен уланды деген диагнозбен ауруханаға түсті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Орталық көшелердің біріндегі тұрғын үйде түтін құбыры тазаланбаған жылыту пешін жағып, нәтижесінде  көміртегі тотығы үйдің бөлмелеріне таралып, тұрғындар уланған, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД. - 1966, 1991  жылғы екі ер адам және 1967 жылғы әйел ауруханаға жатқызылды.


ШҚО ТЖД тұрғындарға өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу