KZ
Өскемен
+6°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

Тұрақтандыру қорында жұмыртқа арзандады - ШҚО

29.05.2024, 09:18 78 Ләззат Қанатқызы

Енді тұрғындар тұрақтандыру қорының дүңгіршектерінен І санатты жұмыртқаны 41 теңгеге ала алады.

Бұған дейін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация мен «Алтай» көтерме-тарату орталығы арасында І санатты жұмыртқа өнімін жеткізу туралы келісімшарт жасаған болатын, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Былтырдан бері жұмыртқа 57 теңгеден сатылып келген. Мамыр айында жеткізуші тарап пен корпорация мамандары келіссөздер жүргізіп, аталмыш өнімді одан да төмендетілген бағамен сатуға келісті. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру бағдарламасының аясында 41 теңгеге арзандады, - делінген «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ хабарламасында.

Тұрақандыру қоры дүңгіршектерінің мекенжайын ӘКК ресми сайтында www.spkertis.kz баға тұрақтандыру бағдарламасы бөлімінен көруге болады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив