KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Шығыс Қазақстан облысында қар жауды

31.08.2022, 11:01 146

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласының аумағында қар түсіп қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Желіде өңірдің таулы аймақтарында қар жауды деген ақпарат талқыланып жатыр. Бейнежазбада 1870 метр биіктікте орналасқан жерді қалың қар басып қалғаны айтылады.

Ақпаратты Қазгидромет растады.

"Риддердің өзінде де, метеостанцияда да қар жауған жоқ. Таулы аймақтарда жауын-шашын жауып жатыр. Таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады деген болжам бар", - деді синоптиктер.

Сондай-ақ олар алдағы күндері облыстың барлық аумағында күн суытатынын айтты.

"Болжам бойынша облыстың таулы аймақтарында, Риддер қаласында, Катонқарағай ауданында, алдағы күндері жауын-шашын және бұрқасын түрінде жауын-шашын болады, шығыста күн суытып, үсік түсуі ықтимал", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, облыстық төтенше жағдайлар департаменті өңірде минус 2 градус суық болатынын ескерткен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив