Күршімнің паромы доғарылды. Көліктерге мұз бетімен жүруге тиым салынды
Ауа райына байланысты Қызыл Ту өткеліндегі паром доғарылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы Күршім ауданы әкімдігінің сайтында жазылған.
- «Қызыл Ту» өткелі арқылы өтетін паром қозғалысының тоқтатылғандығын, негізгі жол қатынау бағыттары Үлкен-Нарын және Зайсан арқылы жүргізілетіндігін хабарлаймыз, - деді «Қалқымалы өткел» ЖШС-нің директоры Т.Ерубаев.
Төтенше жағдай қызметкерлері өткелден жүк көліктеріне мұз бетімен өтуге тиым салынғандығын айтты.
Оқи отырыңыз