KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
478.54 533.76 5.17

ШҚО-да жыл басынан бері 19 орман өрті тіркелген

20.12.2018, 17:06 227

Биыл өрт салдарынан облыс 16 гектар орманынан айырылған. Жыл басынан бері өңір ормандарында 19 өрт жағдайы тіркеліпті.


Табиғи ресурстар басқармасының басшысы Мұрат Құсайыновтың айтуынша, өрттер ауқымды болмаған. Бір өрттің орташа ауданы 2,7 гектарды құрапты. Жанған ағаштардың орнын толтыру мақсатында 951 гектар жерге көшеттер отырғызылған.


– Мемлекеттік орман қорының аумағындағы қалпына келтіру жұмыстары жалғаса береді. Арнайы жоспарымыз бар, – деді Мұрат Құсайынов.


Атап өтерлігі, 15 жылда алғашқы рет орман шаруашылықтарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға қомақты қаражат бөліне бастады. 2017 жылы 701 миллион теңге техника алуға, атап айтсақ 13 өрт сөндіру көлігін, 13 жол талғамайтын тракторды, 7 дөңгелекті тракторды, 4 патруль автокөлігін алуға жұмсалыпты. Биыл 140 миллион теңгеге өрт сөндіру машинасы және түрлі өртке қарсы құрылғылар алынған.


– Облыстағы орман шаруашылықтарының өртке қарсы техникамен жарақталуы қазіргі кезде норманың 63 пайызын құрап отыр. 2017 жылдың басында 49 пайыз болатын. Көрсеткішті 80 пайызға жеткізу үшін қосымша тағы 660 миллион теңге қажет. Орташа республикалық деңгей 78 пайыз екенін еске салғым келеді, – деді жағдайды баяндаған Мұрат Құсайынов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив