KZ
Өскемен
+6°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

Аягөзге оңтүстіктен екі отбасы көшіп келді

12.12.2018, 07:58 194

Халқы тығыз орналасқан оңтүстік өңірден шығысқа адамдарды көшіру жұмыстары біраз уақыт бұрын басталған. Оңтүстіктен қоныс аударатындарға мұнда арнайы жағдай жасалып отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Адам басына шамамен 84 мың теңгеден аса мемлекет қайтарымсыз қаржы беріліп, келісімшартта көрсетілген мерзімге пәтерақы төленеді. Бұл нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдесу бағдарламасы арқылы жүзеге асуда.


Аталмыш бағдарлама арқылы Аягөзге желтоқсан айында қоныс аударғандардың бірі – Ләззат Сарыбаева. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы ауылынан 4 баласымен көшіп келді. Аягөздің жұмыспен қамту орталығымен бір жылдық келісімшартқа отырып, мемлекеттің қайтарымсыз қаржысы мен бір жылдық пәтерақыны қоса есептегенде 1 млн теңгеден аса қаржы алған. Нәтижесінде Аягөзде тұрақты жұмысқа орналастырылып отыр.


Ләззат Сарыбаевамен қатар Райымбек Досжанов та қарт анасымен Аягөзге көшіп келді. Негізгі мамандығы жүргізуші, электр-дәнекерлеуші. Жосалы ауылында жұмыссыз болған Райымбек Аягөзде жұмыспен қамтылып, арнайы келісім шартқа отырған.


Аягөз ауданына бұған дейін оңтүстік өңірден екі отбасы қоныстандырылған. Бүгінде олар аудандық орталық ауруханада табысты еңбек етуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив