KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
478.54 533.76 5.17

ШҚО-да мегаполис пайда болуы мүмкін бе?

7.12.2018, 13:26 263

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер сұрағына жауап беріп,өңіре атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Ботагөз Айтжанова, «Tengrinews» агенттігі.

– Осыдан біраз бұрын Шымкент республикалық маңызы бар шаһар мәртебесіне ие болғаны белгілі. Сіздің ойыңызша, болашақта Шығыста дәл осындай қала пайда болуы мүмкін бе?


– Алдағы 20 жылда Шығыста республикалық маңызы бар қала пайда болмайды деп сеніммен айта аламын. Өйткені, ол үшін шаһар халқы миллионнан асуы керек. Ал біздегі ең ірі Өскемен мен Семей қалаларының халқы 350 мың шамасында. Дегенмен, біз Шымкент сияқты болуға тырыспаймыз да. Себебі, шаһарларымыздың әрқайсысының өз даму жолы, өз жоспары бар. Бір ғана мысал келтірейін, біздегі қалаларда аулаішілік жолдар басқа шаһарлардағыдай 3,5 метр емес, алты метрге дейін жетеді. Мұндай мысалдарымыз жетіп артылады. Сондықтан Өскемен, Семей, Алтай сияқты қалаларымыз бұдан былай да ешкімнен үлгі алмай, өз бетінше дами бермек,-деді Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив