KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Еңбекақысы аз қазақстандықтар үшін салық мөлшері төмендетілмек

20.11.2018, 06:28 220

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбекақысы төмен қазақстандықтар үшін салық мөлшері төмендетілмек, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Мұндай бастаманы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды.


Яғни, айлық табысы 25 АЕК-тен аспайтындар үшін салық мөлшері он есеге азайтылатын болды.


Осы норма көрсетілген заң Елбасының ұсынысынан кейін Парламентте қабылданып, оған Президент қол қойды. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің мәлімдеуінше, бұл өзгеріс 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне енеді.


Салықты азайту арқылы екі миллионнан астам қазақстандықтың еңбекақысын өсіру көзделіп отыр, сондай-ақ, бұл жұмыс берушілерге ешқандай жүктеме түсірмейді. Ал жергілікті бюджетке салықтың орны республикалық бюджеттен өтеледі екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив