KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
478.54 533.76 5.17

Петропавлда ШҚО туралы жаңа жол көрсетуші кітаптың тұсауы кесілді

8.11.2018, 11:47 193

Петропавлда өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы аясындағы туристік көрмеде облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқармасы Шығыс Қазақстан туралы жаңа кітаптың тұсауын кесті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


«Шығыс Қазақстанға қош келдіңіздер» деп аталатын бұл туынды облысымызға келетін туристер үшін таптырмас жол нұсқаушы құралына айналуы тиіс. Бұл туралы облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаев мәлім етті.


– Мұндай кітап біздің облыста бұрын-соңды болған емес. Кітапта облысымыздың туристік әлеуеті толықтай көрініс тапқан. Онда аймағымыздағы танымал демалыс орындарына, туристік маңызға ие жерлерге қалай жетуге болатыны туралы толыққанды мәлімет берілген. Аталған кітапта тіптен қазақтың салт-дәстүрлеріне қатысты танымдық ақпарат бар, – деген басқарма басшысы кітап алғашқыда орыс тілінде шыққанын, алдағы уақытта қазақ, ағылшын және қытай тілдеріндегі нұсқалары да жарық көретінін жеткізді.

Айта кетейік, 180-ге жуық беттен тұратын кітаптың таралымы әзірге бес мың дананы құрап отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив