KZ
Өскемен
-3°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Бородулихада әскери-техникалық мамандықтар тегін оқытылады

2.11.2018, 07:04 205

Бородулиха ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі өтеусіз (тегін) негізде әскери – техникалық мамандықтарды оқыту үшін іріктеу өткізеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Үміткерлерге қойылатын талаптар - жасы 22-ден аспауы тиіс, бойы 170 см-ден төмен болмауы шарт. Білімі орташа деңгейлі. Әскери – техникалық мектептердің филиалдарында тиісті мамандықтар бойынша оқыту аяқталған соң, аталған азаматтар ҚР Қарулы күштерінің қатарына 100% шақырту алады. Оқыту мерзімі үш айдан асады екен. Оны тамамдаған түлектерге әскери – техникалық мамандықтарына байланысты «ВСІС» санаты жүргізушісінің куәлігі, электромеханик, әскери автокраншы сертификаттары беріледі.


Қорғаныс министрлігі салалық мектептерде өтеусіз негіздегі оқытуды жыл сайын жүзеге асыруда.


«Осының көмегімен жасөспірімдердің жұмысқа орналасуына жол ашылады. Сұранысқа ие техникалық мамандықты тегін алуға мүмкіндіктер бар, ал мерзімді әскери қызметке шақыртылған жағдайда, дайын  мамандар Қазақстан әскерінің қатарын толықтыруға дайын», - делінген таратылған ақпаратта.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив