KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Өскемен автовокзалының жұмыс кестесі жолаушылар үшін қолайсыз

31.10.2018, 09:28 104

– Біз шекаралық аймақта орналасқан Зайсан, Тарбағатай, Күршім аудандарының тұрғындары облыс орталығынан шалғайда тұрамыз. Жұмысымыз болып, облыс орталығы – Өскеменге автобуспен барсақ, таңертең ерте автовокзал есігін ашпайды, амалсыз сыртта тосып отырамыз. Қазір күн суық, бала-шаға, үлкендер тоңып қалады. Себебі, қалада барайық десек үйіміз жоқ. Сұрағымыз, автовокзал жұмысын жолаушыларға қолайлы етіп неге ұйымдастырмайды? Осы мәселені шешіп берулеріңізді сұраймыз.


Тұрғындар атынан – Б.Тілекенов, Әбенов, Қайырбаев.

Зайсан ауданы.


Сауалға «ADAL» Өскемен автобекеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Алмас Бейсенғазин жауап береді:


– Хабарласқан оқырманның сауалына жауап берер болсақ, Өскемен автовокзалының жұмыс тәртібі таңғы сағат 6.00-ден кешкі 20.00-ге дейін анықталғанын және автобустар осы кезеңде келіп, кететіндігін хабарлаймыз.


Ал сағат 21.00-ден 6.00 аралығында түнде автовокзал ғимаратында және автобекет аумағында заңдылықты қадағалайтын кезекші қызметкерлер болады. Ағымдағы жазғы автобус кестесіне сәйкес Зайсан қаласынан автобус таңғы 4.00-де келеді.


Соған орай автовокзалдың кезекші қызметкерлері 2018 жылғы 26 шілдедегі №8 бұйрыққа сәйкес Зайсан ауданынан автобус келген кезде жолаушылар үшін автобекетті ашады. Аталған бұйрықпен автовокзал қызметкерлері толық танысқан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив