KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

ШҚО-да 2019 жылға дейін барлығы 22 647 мұғалім арнайы курстан өтеді

10.10.2018, 09:55 178

Өңірде «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының «Білікті маман» жобасы әзірленген. Жоба негізінен үш маңызды бағытты қамтиды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл жөнінде «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жанындағы Президенттің Бес әлеуметтік бастамасының орындалу барысын бақылау жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова айтты.


Жобаның бірінші бағыты мектепте берілетін білімнің сапасын жоғарылатуға бағытталса, екінші бағыт оқушылармен идеологиялық, үгіт-насихаттық жұмысқа және кәсіби бағдарлауға арналған. Ал үшінші бағыт аймақтық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды көздейді.


– Мектептегі білім берудің сапасын жоғарылату Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесі негізінде 2016-2019 жылдар аралығында 1-11 сыныптардағы білім берудің жаңартылған мазмұнына көшумен тығыз байланысты. Ағымдағы жылы жаңартылған бағдарлама бойынша 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8 сыныптар оқып жатыр, - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.


Білім берудің жаңартылған мазмұны аясында оқушыларды жаңа оқулықтармен қамтамасыз ету үшін облыста 1,636 миллион дана оқулық сатып алынған. Бұл оқулықпен қамтудағы 100 пайыздық көрсеткіш.


Тағы бір маңызды мәселе, ол – мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру жайы. Әсем Нүсіпова бұл ретте 2019 жылға дейін барлығы 22 647 мұғалім курстан өтетіндігін, бұл жүз пайызды құрайтындығын жеткізді.


Мектептердің материалдық-техникалық базасын заманауи оқу жабдықтарымен және НЗМ талаптарына сай жаңа түрдегі кабинеттермен жабдықтау үшін «Менің мектебім» жобасы қолға алынған. Нәтижесінде аймақта 277 мектеп IT-сыныптармен және 476 жаңа кабинеттермен жабдықталған. Бұған 2,8 миллиард теңге жұмсалған.


Осыған орай, жобаның екінші бағыты бойынша сұқбат алаңы форматында кәсіби бағдарлау жұмыстарының Циклограммасы әзірленген. Циклограммаға сәйкес 2017-2018 оқу жылында өңірдің ЖОО мен колледждері өкілдерінің қатысуымен кешенді іс-шаралар өткізілген. Облыстың барлық аудандары мен қалаларындағы мектеп түлектері үшін каникул уақытында ҰБТ-ге дайындық курстары, шеберлік сыныптары, мамандық таңдауға қатысты арнайы сабақтар жүргізілген. Аталмыш шараларға жиырма мыңға тарта оқушылар мен жастар және ата-аналар қауымдастығының өкілдері қатысқан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив