KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 2 м/с, З
479.23 534.96 5.16

Үй жануарларының сүйегін қоқыс контейнерлеріне тастауға болмайды

26.09.2018, 10:02 205

Жуықта облыс орталығындағы Бабкина Мельница ауданында мал сүйектері шашылып жатқан заңсыз қоқыс алаңы тазартылып, ол жерде зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Қалалық ветеринария бөлімінің бастығы Серікхан Күдебаевтың айтуынша, бұл туралы ақпарат тараған бойда заңсыз қоқыс үйіндісіне жедел аттанған бөлім қызметкерлерінен құралған жұмыс тобы алаңда тазарту жұмыстарын жүргізген. Жиналған мал сүйектері қаладан 13 шақырым жердегі Желдіөзек ауылы маңында орналасқан мал қорымына апарып көмілді. Қоқыс алаңы арнайы ерітіндімен зарарсыздандырылды.


Осы мәселеге байланысты қала әкімшілігі кез-келген үй жануарының сүйегін қоқыс контейнеріне, тіпті қатты тұрмыстық қалдықтар алаңына да тастауға болмайтындығын ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив