KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Британдық автомобиль дизайнері "Ниваның" жаңа түрін жасап шығарды

3.09.2018, 10:10 160

Британдық автомобиль дизайнері Стив Маттин араға 40 жыл салып тың бастаманы қолға алды. АВТОВАЗ-дың бұл күнгі бас дизайнері ресейлік автоөнеркәсіптегі ең «егде» көліктердің бірі Lada 4×4 Vision-ды жаңаша түрлендіріп көрмек, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі, колеса кз-ке сілтеме жасап.


— Біз эстетика, жайлылық пен технологиялық құрамды жаңа деңгейге көтере отырып, өз клиенттеріміздің заманауи талғамы мен қажеттіліктеріне сай мінсіз көлік жасап шығардық. Lada 4×4 Vision — жолға берік, көзге тартымды, әрі спорттық, әрі сәнді көлік. Жол талғамайтын Lada-ның жаңа бейнесі бұл, — дейді Lada шеф-дизайнері Стив Маттин.



Жаңа көлік бес есікті. Сөйте тұра сырт көзге үш есікті сияқты көрінеді. Концепттегі жасырылған артқы есіктер қозғалысқа қарсы ашылады. Бұрылу шырақтары бедерлі капотпен біріктірілген. Оның «Нивамен» туыстығын осыдан-ақ біле беріңіз.



Сериялы автокөлік 2021 жылға қарай жарық көретін болады. Осы үш жылдың ішінде өзгерістер болуы мүмкін. Бізге белгілісі, болашақ «Нива» Renault Duster-мен бір платформаны бөлісетіндігі ғана, сәйкесінше, құны да ағымдағы көліктерден қымбатырақ болмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив