Риддердің әкімі Құрбан айтта қала тұрғындарын шіркеудің асарына шақырды
Құрбан айт мерекесі қарсаңында Риддер қаласының тұрғындары шағын шіркеудің құрылысын аяқтауға атсалысты, деп хабарлайды Алтайнюс тілшісі.
Құрбан айт мерекесіне орай өткен салтанатты шарада шаһар басшысы мерекеге жиналған халықты асарға шақырған болатын.
Интернационал жауынгерлерге арналған саябақтың аумағындағы шағын шіркеу құрылысы 2014 жылы басталғанымен, аяқсыз қалған. Сол игі істі мәрт мұсылмандар Құрбан айт қарсаңында соңына жеткізді.
Риддер қалалық мешітінің имамы Жақсымбет Нұрислам, кәсіпкерлер Адам Гильдерман мен Болатхан Күзембаев құрылысқа қаржылай көмек көрсетті.
Аталмыш саябақ Ауған соғысында көз жұмған 5 риидерлік боздаққа арнап 2008 жылы ашылған болатын.