KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 2 м/с, ОБ
479.23 534.96 5.16

Меккедегі дүлей дауыл. Қазақстан қажылары. "Сайтанға тас ату"

22.08.2018, 05:04 132

Меккеде болған дүлей дауылдан қазақ қажылары зардап шеккен жоқ, - деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Телеарнаның мәліметінше, Құрбан айт қарсаңында Меккеде дүлей жел тұрып, қажылыққа келгендердің уақытша тұрағындағы шатырларды ұшырып әкеткен. Желдің соңы нөсер жауынға ұласқан. Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ.


«Аллаға шүкір, табиғаттың тосын құбылысынан біздің қажыларымыз ешқандай зардап шеккен жоқ. Діни басқарма жанындағы дәрігерлер тобы күн сайын, сағат сайын, сәт сайын қадағалап отыр. Қазір ауа райы жақсы, тұрақты, күн ашық. Дәл қазір Арафат жазығында ойпатында біздің қажыларымыз құлшылық жасап, елдің бірлігі үшін дұға жасауда», - дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Сыдықов.


Биыл 3 мың қазақстандыққа қасиетті Меккеге аттануға квота бөлінген болатын. Жел ұшырып әкеткен шатырлардың бәрі қалпына келтіріліпті. Сауд Арабиясы үкіметінің азаматтық қорғаныс басқармасының мамандары мұсылмандық парызын өтеуге келген жандардың қауіпсіздігі үшін барлық шаралар жасалғанын айтуда.


КТК хабарлағандай, Меккеде қазір 43 градус ыстық. Арапа күні сонда жүрген күллі мұсылман қасиетті Қағбадан 20 шақырым жердегі тауға шығып, сайтанға тас атты.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив