KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1,2 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Өскеменде жаңадан құрылған тергеу сотының қызметі қандай?

3.08.2018, 04:27 173

Облыс орталығында Өскемен қаласының мамандандырылған тергеу соты салтанатты түрде қызметін бастады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Құқық қорғау органдарының және мемлекеттік мекемелердің бірінші басшылары қатысқан шарада облыстық сот төрағасының міндетін атқарушы Қайрат Шақпантаев биылғы 10 қаңтарда Президент республиканың барлық 14 облысында мамандандырылған тергеу соттарын құру туралы Жарлыққа қол қойғанын атап өтті.


Сондай-ақ, «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамның» 22 қадамын іске асыру мақсатында құрылған мамандандырылған тергеу соттары азаматтардың конституциялық құқықтарын шектейтін барлық тергеу іс-әрекеттерін санкциялау бойынша құзыреттерді кезең-кезеңмен тергеу судьясына беру есебінен айыптау мен қорғау арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ететінін де айтты.


– Тергеу судьяларының жұмысы Жоғарғы Соттың «Сот төрелігінің 7 түйіні» жобасындағы сот жүйесінің ең басты міндеттерінің бірі болып табылады, тергеу судьялары сотқа дейінгі сатыда тиісті сот бақылауын қамтамасыз етуге міндетті,- деді Қайрат Шақпантаев.


Ақпарат ретінде айтар болсақ, Өскемен қаласының мамандандырылған тергеу соты Өскемен қалалық сотының ғимаратында орналасқан және барлық қажетті техникамен жабдықталған. Тергеу сотының құрамы 3 судьядан, төрағадан және 9 маманнан тұрады.


Қ.Шақпантаев жиналғандарға жаңадан тағайындалған төраға мен судьяларды таныстырып,судьялардың алғашқы құрамына жаңа жұмыс орындарында табысты жұмыс тіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив