KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Қазақстандықтар 19 елге визасыз бара алады

29.07.2018, 12:00 269

Қазақстандықтар 19 елге виза рәсімдемей-ақ бара алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 


«Қазақстан ұлттық жалпыазаматтық төлқұжат иелері үшін визалық талаптардан босату туралы 20 елмен екіжақты келісімдерге қол қойды», - дейді ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.


Атап айтқанда, оларға мына елдер кіреді:


1. Әзербайжан (30 тәулікке дейін);


2. Аргентина (30 тәулікке дейін);


3. Армения (90 тәулікке дейін);


4. Беларусь (90 тәулікке дейін);


5. Бразилия (30 тәулікке дейін);


6. Гонконг (14 тәулікке дейін);


7. Грузия (90 тәулікке дейін);


8. Корея (30 тәулікке дейін);


9. Куба (30 тәулікке дейін) - күшіне енген жоқ;


10. Қырғызстан (90 тәулікке дейін);


11. Молдова (90 тәулікке дейін);


12. Моңғолия (90 тәулікке дейін);


13. Ресей (90 тәулікке дейін);


14. Тәжікстан (30 тәулікке дейін);


15. Өзбекстан (30 тәулікке дейін);


16. Украина (90 тәулікке дейін);


17. Сербия (30 тәулікке дейін);


18. Түркия (30 тәулікке дейін);


19. Эквадор (30 тәулікке дейін);


20. БАӘ (30 тәулікке дейін).


Сонымен қатар, Сыртқы істер министрлігі өз құзыреті шегінде тұрақты негізде елдің инвестициялық және туристік тартымдылығын арттыру және Қазақстан Республикасының визалық режімін қауіпсіз түрде ырықтандыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.


Қазіргі таңда 45 елдің азаматы Қазақстанда күнтізбелік 30 күн мерзіміне дейін визасыз жүруге құқылы. Бұл елдерге Аустралия, Аустрия, Бельгия, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Грекия, Дания, Израиль, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Канада, Кипр, Корея, Латвия, Литва, Люксембург, Малайзия, Мальта, Мексика, Монако, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, БАӘ, Польша, Португалия, Румыния, Сингапур, Словакия, Словения, АҚШ, Түркия, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Чили, Швейцария, Швеция, Эстония, Жапония кіреді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив