KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Жарма ауданында археологиялық қазба жұмыстары жүріп жатыр

25.07.2018, 04:32 86

Биылғы жылы алғаш рет Жарма ауданы Аршалы ауылынан 40 шақырым жерде орналасқан Жарықтас ауылындағы қазба жұмыстары обаларды зерттеу жүргізіле бастады. Обалар негізінен осыдан 25-28ғасыр бұрын бірінен кейін бірі тізбектеліп оңтүстіктен солтүстікке қарай орналасқандығы сақ дәуірінде болғандығын білдіреді екен. Обаларды ғылыми зерттеу жұмысына Астана қаласынан келген қазба жұмыстарының жетекшісі, кезіндегі тарих ғылымының докторы, профессорлар З.Самашев пен Ә.Т.Төлеубаевтың жетекшілігімен 11 жыл бойы Шілікті қорымын зерттеу жұмыстарын жүргізген, Берел -2 тас қорымын 5 жыл зерттеген, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің археология және этнология жөніндегі кафедра меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, доцент Үмітқалиев Ұлан Үмітқалиұлы және болашақ ғылыми қызметкерлер жиыны 30 адам осы оба тастарды зерттеп жатыр Ұлан Үмітқалиұлы: «Бойымыздағы ұлттық рухты, ұлттық патриотизм қалыптастыру үшін, адам бойында міндетті түрде туған елімнің, туған жерінің тарихын білу керек. Елімізде әлемге белгісіз өркениет қалыптастырған ескерткіштер көп –ақ оның сырына үңіліп, тарихын таңбалайтын – археолог мамандар» -деді. Біз зерттеу жұмыстарын бастамас бұрын, 2011 жылдан бастап Жарма өңірінің Жарықтас ауылына барлау жұмыстарын жүргізіп, ауыл ақсақалы Айтқазы Мұсағитовпен сөйлесіп, електен өткіздік. Бұл жерде 4 оба бір тізбекте орналасқан. Обалардың ең кішісінен бастап зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Тастарына қарап бай, ауқатты патша шонжарлар жатқан тәрізді.. Өйткені обаның үсті қызыл таспен, орта тұсы көк таспен, төменгі жағы сұр таспен жасалған. Ғылыми қызметкердің сөзіне қарағанда оба бір тізбекте орналасқандығы,сақ дәуірінде бұл жерде бір рулас, туысқан адамдардың жатқандығын білдіретіндігін айтты. Техника күшін пайдаланбай әр түсті тасты бөлек бөлек жинап,осы тас арқылы қорымның көлемін білген. Қарапайым адамдардың обосы жай таспен қаланады екен. Ал төменгі жағындағы тастар Берел ескерткіштерінде жиі кездеседі. Обаның шетіндегі тігінен тізбектеліп қаланған тастар көп уақыт өткеннен кейін,табиғи факторларға байланысты шалқайыңқырап кеткен. Қазба жұмыстарында табылатын сүйекке антрапологиялық зерттеуді шет елдерге Оксфорт университетіне, не Новосибирскіге жіберіліп зерттеліп, сүйектердің жақ сүйегі арқылы ер немесе әйел адам екендігін, тістің құрамындағы элементтері арқылы анықтайды. Сол дәуірдегі адамдар өздеріне алдын –ала сом алтыннан бұғының, арқардың тау теке басының бейнесінен бұйымдар жасатқан. Өмірден өткенде әшекей бұйымдармен қоса қазаға сойылған малдың сүйектері бірге көміледі. Қазба жұмысы арқылы табылған бұйымдардан,мал санынан ол қандай әулеттен шыққанын білдіреді.


Жарма аудандық кітапханасы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив