KZ
Өскемен
-5°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, З
479.23 534.96 5.16

ШҚО-да тоналған заттарды сатып жүрген Павлодар тұрғыны ұсталды

24.07.2018, 10:27 213

Зырян аудандық ІІБ қылмыстық полиция қызметкерлері Павлодар қаласының 19 жастағы тұрғынын құрықтады. Ол Жаңа Бұқтырма кентінің орталық базарында тоналған заттарды сатып отырған жерінде қолға түсті.


Сатылымға шығарған заттардың арасында үрлемелі матрастан бастап Haier маркалы теледидарға дейін бар екен. Анықталғандай, күдікті демалыс базасында есігі ашық қалған үйлерден бағалы заттарды тонаумен айналысқан. Ұрланған заттардың жалпы сомасы 100 мың теңгені құрайды.


Түнгі уақытта қылмысын жүзеге асырған ер адам таңертең тоналған заттарды базарға шығарып, келісілген сомаға сатуға қойыпты. Алайда ұрлығынан пайда көріп үлгермеді. Қазір осы фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив