KZ
Өскемен
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
478.54 533.76 5.17

Семейде «Зере» драмасы сахналанды

19.07.2018, 04:42 193

Семейдегі Абай театрында Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актерлары Ұлықбек Есдәулетовтің "Зере" атты драмалық көрінісін сахналады.



Зере рөлін – қазақ сахнасында Қарагөз, Құртқа, Толғанай секілді ғажап бейнелердің галереясын жасаған Гүлжан Әспетова сомдады. Қойылым барысында «Зере» драмасы бірде ұлттық өрнекке ұқсап кетсе, енді бірде көрерменнің көз алдына өткен заманның дәуірін қайта оралтып, сағынышты әсерге бөледі.


Иә, қандай сөздермен суреттеп айтсақ та, сахнада сұлулық бар. Ал шынайы эмоцияға толы әртістер, тіпті өзгеше кейіпке енді. Олар халықтың көзіне жас үйірілте білді. Демек, театрдың басты миссиясы орындалды.


Айта кетейік, бұған дейін Абайдай ұлы дананы тәрбиелеп өсірген Зере апамыз туралы бірде-бір туынды немесе кинофильмдер әлі күнге дейін жарық көрмеген. Сондықтан да, дәл бүгінгі театрландырылған қойылым Зере образын толыққанды ашып, Семей жұртшылығына терең философиялық ой сала білді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив