KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 1 м/с, СШ
478.54 533.76 5.17

Өскеменде Астана күндері қалай өтеді?

19.07.2018, 04:30 100

Биыл Астананың 20 жылдығына орай, елордалық әртістер еліміздің әр түкпірінде түрлі шаралар ұйымдастыруда. Енді, міне, бас қаламыздың шығармашылық ұжымдары Өскемен шаһарына ат басын бұрды. 19-20 шілде аралығында Өскеменде Астана қаласының күндері өтеді.


Ең алдымен, екі күн бойы Тоқтаров көшесінде орналасқан облыстық өнер мұражайында ең үздік қылқалам шеберлерінің әртүрлі жанрларда кескіндеп бейнелеген суреттері көпшілік назарына ұсынылады. Келуші қонақтар Рафаэль Слекенов, Ақтоты Смағұлова, Динара Нүгер, Зұлқайнар Қожамқұлов сынды дарынды тұлғалардың түрлі стильдер мен дәуірлерді байланыстыратын портреттерін өз көздерімен көріп қана қоймай, әрбір картинаның тарихына терең үңілетін болады.


Бұдан кейін, 19 шілде күні кешкі сағат жетіде Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында Ұлықбек Есдәулеттің «Зере» атты драмалық көрінісі сахналанады . Зере рөлін – қазақ сахнасында Қарагөз, Құртқа, Толғанай секілді ғажап бейнелердің галереясын жасаған Гүлжан Әспетова сомдамақ. Сонымен қатар, дәл осы жерде 20 шілде күні 19:00-де қала тұрғындары Мұхтар Әуезовтың «Абай» трагедиясын тамашалай алады. Спектакльдің қоюшы режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков.


Сондай-ақ, 19 шілде 19.00-ге таман Ағайынды Абдуллиндер колледжінің сахнасында Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті өнер көрсетпек.


Мұнымен қоса, 20 шілде күні сағат 19.00-де "Ертіс концерт" залында Клара Төленбаева, Күләйым Қайырбаева, Адам, Асқар Жайлаубаев, Бауыржан Исаев, Ринат Малцагов және тағы да басқа елімізге танымал эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Астанадан ақ тілек» атты гала-концерт өтеді деп жоспарланып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив