KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, З
478.54 533.76 5.17

Семейде балалар еңбегін қанауға қарсы күресуде

14.06.2018, 10:15 153

Жаз басталса болды, көптеген 14-16 жастағы жасөспірімдер жұмыс істеп, ақша табуға тырысады. ШҚО әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі жанындағы облыстық ресурстық Жастар Орталығы және қаланың сол жағалауындағы М. Әуезов полициясы бөлімінің қызметкерлері, еріктілер түнгі уақытта балалар мен жасөспірімдердің жүрісін қадағлау үшін рейд өткізді. Бұған дейін түнгі клубтар тексеріліп, онда 16 жастағы жас қыздың кальян шегіп отырған жерінде ұсталғаны бар еді. Жастар ресурстық Орталығының Семейдегі бөлімінің басшысы Олжас Соғымбайдың айтуынша, балалардың қараңғы түскенде көбінесе кафе мен барлардан жұмысшы болып табылғаны өкінішті. Жұмыс берушілер балаларға дұрыстап ақы төлемейді, еңбек келісімшарты дегенді балалар аты-басымен білмейді. Бұл жолы рейд «Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» акциясының аясында өтуде.


-Осы акция барысында күндізгі және түнгі рейд жүргізген едік,-деді М. Әуезов аудандық полиция бөліміндегі кәмелетке жасы толмағандар ісі жөніндегі аға инспектор Дина Амренова,- Біздің Әуезов ауданы қаладағы ең ірі аудан, бұнда 35 мектеп, 9 колледж, 2 университет бар. Жастар мен балалар көбіне бас қосатын Мұхтар Әуезов алаңын тексергенімізде түнгі 22.00 сағттан кейін жұмыс істеп жүрген балаларды көрдік. Енді олардың ата-аналарына айыппұл салынады. Балалар әрине, жеке кәсіпкерге жалданып жұмыс істейді. Балмұздақ сату, велосипед, машина жалға беру сияқты кәсіптермен айналысады. Заң бойынша 16 жасқа жеткен баланың өзі күндіз күніне тек 6 сағат қана жұмыс істеу керек. Сондықтан да қаладағы Жұмыспен қамту Орталығы, қалалық әкімшілік бұл мәселені назарға алғаны жөн. Ал бала еңбегін жалдаушы кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажет. Бала түнде жұмыс істемеуі керектігін әрбір ата-ана ұққаны жөн.


 


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив