KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 1,5 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Бір ай бойы іздестірілген семейлік бойжеткен бүгін аман-есен табылды

7.06.2018, 10:57 118

Семейде 19 мамыр күні жоғалған 18 жастағы Зарина Григоренко аман-есен үйіне оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Мамыр айында ұшты-күйлі жоғалған 18 жасар қыз үйіне аман-есен өз аяғымен келген. Қаладағы «Рина.КЗ Семей» еріктілер қозғалысының жетекшісі Евгения Павел қыздың табылғандығы жайлы әпкесінің хабарлағанын айтты. Бірақ бойжеткен осы уақытқа дейін қайда болғанын айтпаған.


«Бізге Заринаның апайы хабарласып, оның үйге  өзі келгенін жеткізді. Барлығы жақсы. Еш жері зақымданбаған. Ал бұл уақытқа дейін қайда болғанын әзірге бізге айтпады», - деді  Евгения Павел.


Айта кетейік, қыз бала 19 мамыр күні  таңертең сағат 8:45 шамасында үйден оқуына шығып кетіп, содан үйге оралмаған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив