KZ
Өскемен
ясно Штиль
479.23 534.96 5.16

Семейде қоғамдық көлікте киімін жыртып алған әйел сотқа шағымданды

7.06.2018, 10:35 139

Семей қалалық соты материалды залалды өтеу туралы азаматтық істі қарады.


Талапкер автобус паркі мен оның жүргізушісінің үстінен арыз түсіріп отыр. Анықталғандай, олавтобуста жолаушы орындығынан шығып  қалған темірге сырт киімін жыртып алыпты. Келтірілген залалды өтеп беруді талап еткені үшін жолаушы әйелге жүргізуші мен кондуктор дөрекілік танытып, автобустан шығарып жіберген.


Алдын ала тыңдау барысында тараптар дауды медиация тәртібінде реттеп алды. Шарт бойынша жүргізуші жолаушыға 20 000 теңге төлеуге міндеттелді, ал талапкер өзінің талап арызынан бас тартуға келісті.  Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив