KZ
Өскемен
переменная облачность жел 0,3 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Еркебұлан Сейдахмет "Уфадан" "Зенитке" кетуі мүмкін

6.06.2018, 06:18 140

Қазақстан құрамасының және ресейлік «Уфаның» шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет жаттықтырушысы Сергей Семактың соңынан ілесіп, «Зенитке» ауысқысы келетінін айтты, деп хабарлайды «SPORTINFORM».


Қазақстан құрамасы Әзербайжанды ойсырата жеңген жолдастық матч кезіндегі үзілісте Сейдахмет Qazsport телеарнасы тілшісінің «Уфаның» бас жаттықтырушысы Сергей Семактың қызметінен кетуі туралы сұрағына жауап бере келе, ресейлік маманның «артынан баруға» тырысатынын жеткізді.


«Сенім артқаны үшін Сергей Семакқа алғысым шексіз. Мен одан көп нәрсе үйрендім. Оны Станимир Стоиловпен салыстыруға болады, ол да жастарға көп мүмкіндік береді. Мен әлі де көп еңбектенуге тиіспін, сөйтіп «Зениттің» шақыртуына қол жеткізуім керек», - деді Еркебұлан Сейдахмет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив