KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
478.54 533.76 5.17

ШҚО-дағы өндіріс орындарында төрт айда 63 адам жарақаттанып, 5 адам ажал құшқан

31.05.2018, 11:55 130

Ағымдағы жылдың төрт айында өндірісте барлығы 56 жазатайым оқиға орын алып, 63 адам жарақаттанса, оның ішінде 5-уі адам өлімімен және 26-сы ауыр нәтижемен аяқталған. Өндірістік жарақаттанудың деңгейі былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бір деңгейде қалып отыр, деп хабарлайды алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов айтып берді.


Басқарма басшысының мәліметінше, 2018 жылдың өткен кезеңінде мемлекеттік еңбек инспекторларымен 813 арыз қаралып, 316 тексеру өткізілген. Нәтижесінде 1379 бұзушылықтар анықталып, 232 нұсқама берілген және 27 млн. теңгенің 192 әкімшілік айыппұлы салынған. Адам өліміне соқтырған оқиғалар өңірдің өндіріс, құрылыс салаларында және бюджеттік мекемеде (жол-көлік апаты) орын алған. Марқұмдардың отбасыларыназаң аясында тиісінше барлық көмектер көрсетілген.


– Еңбекақы берешегін өтеу, жұмыс орындарының қысқартылуы, ұжымдық шарттардың талаптарын орындау, облыстық келісімді орындау секілді мәселелер облыстық дағдарысқа қарсы штабтың және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссияның отырыстарында тұрақты түрде қаралады. Атқарылған іс-шаралар нәтижесінде жыл басынан бері 103 кәсіпорындағы 3110 жұмысшыға тиесілі 361,1 млн. теңгенің ағымдағы еңбекақы берешегі өтелді,- деді басқарма басшысы Бақытбек Қизатов.


Ақпарат ретінде айтсақ, бүгінгі күнде республикадағы барлық жұмыспен қамту орталықтары Электрондық биржаға қосулы, оған 35 мың жұмыс берушілер тіркелген, 31 мың бос орындар бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив