KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 1,5 м/с, В
479.23 534.96 5.16

ШҚО-да мас жолаушы автобус жүргізушісін ұрып жіберді

30.05.2018, 05:16 130

Ішімдікке тойып алып, қоғамдық көлікке отырған ер адам жолда ұйықтап қалған екен. Аялдамасынан өтіп кеткені үшін жүргізушіні балағаттап, ұрып жіберген.


44 жастағы ер адам Герасимовка ауылында Ново-Явленкаға дейін жету үшін автобусқа отырады. Жолда ұйықтап қалады. Шығуға тиісті аялдамасынан осылай өтіп кеткен жолаушы шу шығарып, көлік жүргізушісін балағаттайды. Ондағы айтқан уәжі – жүргізуші ұйықтап қалған жолаушыны ояту керек екен.


Ол жүргізушіден қайта өз аялдамасына жеткізуді талап ете бастайды. Мұндай озбырлыққа шыдап отыра алмаған жүргізуші мас адамның көліктен түсуін сұраған. Бұл сөзі үшін жолаушы оны бетінен ұрып жіберіп, қашып кетеді.


Зардап шеккен ер адам полицияға арызданып, іс Өскеменнің №2 сотында қаралды. Екі тараптың бейбіт келісіміне байланысты қылмыстық іс жабылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив