KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

«Жас түлек. Жаңа қадам. Жарқын болашақ!» Мектептерде соңғы қоңырау соғылды

25.05.2018, 07:36 168

Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде соңғы қоңырау соғылды. «Жас түлек. Жаңа қадам. Жарқын болашақ!» деп аталған мерекеге оқушылармен бірге ата-аналары, халықаралық және қазақстандық мұғалімдер, қонақтар қатысты.


Мектептің оркестрі «Сарыарқы» күйін орындап, содан кейін барлық қатысушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындады. Жиналғандарды оқу жылының аяқталуымен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова құттықтады.


– Назарбаев Зияткерлік мектебі – орта білімнің стандарты болып табылады. Қазір жалпы білім беретін мектептерде де зияткерлік мектептің стандартымен оқытады . Облыс басшылығы басқа балаларға да мемлекет сіздерге тудырған қолайлы жағдайларды, тамаша кабинеттерді жасау үшін, олардың да осындай қолайлы жағдайда білім алуларына қолдан келгенін жасап жатыр. – деді Әсем Бекқызы.



– Бүгінде Білім және ғылым министрлігі гранттарға теңдесі жоқ ақша бөледі. Бізде Астанада, Алматыда керемет университеттер бар, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, өзіміздің Сәрсен Аманжолов және Дәулет Серікбаев атындағы университеттер. Сіздердің білімдеріңізді осы жоғары оқу орындарында жалғастырып, орта және жоғары білім берудің керемет дәстүрлері қалыптасқан Шығыс Қазақстан облысына пайдаларыңызды тигізулеріңізді қалаймын.


Облыстық білім басқармасының басшысының міндетін атқарушы Сайрангүл Жұмәділова мектептің жетістіктеріне тоқталып, мұғалімдердің жалпы білім беретін мектептерде тәжірибе таратуына қосқан үлесі туралы айтты.


Мерекенің маңызды бөлігі түлектерді құрметтеуге байланысты болды. Осы мақсатта үздік түлектердің парады ұйымдастырылды. 79 үздік тендің қатарына IELTS халықаралық сынағындаең жоғары 8 ұпай жинағандар, «Алтын белгіге» үміткерлер, үздік аттестат иелері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері кірді. Олармен бірге Германиядағы Мюнхен бизнес мектебінің, Гонконг политехникалық университетінің, Санкт-Петербург экономикалық университетінің білім гранттарының иегерлері, өздерін оқуда және «Туған елге тағзым», «Қоғамға қызмет етуде» «100 кітап» сияқты қоғамдық қызметтерде көрсете алған басқа да белсенді оқушылар болды.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив