KZ
Өскемен
переменная облачность жел 0,3 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Биыл Өскеменде бірінші сынып бітіргендердің саны мектеп түлектерінен 3 есе артық

25.05.2018, 04:58 196

Бүгін сағат 10-00 да Өскеменнің барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылды, деп хабарлайды Алтайньюс.


Биыл облыс орталығында 1680 оқушы мектеп бітірсе, оның 1315-і, яғни 78,3 пайызы  ҰБТ тапсырады.


Сонымен қатар, биылғы оқу жылының соңында Өскемен қаласындағы жалпы саны 46 мектептен 4204 оқушы 1 сыныпты тәмамдаған. Жеке меншік екі мектепті қосқанда 1 сынып бітірген оқушылардың жалпы саны 4236 балаға жетіп жығылады.


-Ертеңнен бастап 9-11 сыныптың оқушыларына аралық емтихандар мен қорытынды аттестациялар басталады,-дейді қалалық білім басқармасы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив