KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

ШҚО-ның ірі ГЭС-тері балық шаруашылығына залал келтіруде

25.05.2018, 04:56 181

Бұл туралы ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Санақбек Кітапбаев мәлім етті. ГЭС-тер өткен ғасырдың 40-60 жылдарындағы жоба бойынша салынғандықтан, онда балықты қорғау құрылғылары қарастырылмаған. Сондықтан гидроэлектр стансаларының әкімшілігі жыл сайын келтірген залалы үшін өтемақы төлеуге мәжбүр.


-Өскемен, Шүлбі ГЭС-тері осы жылы суға балық жіберуге 12 млн теңге бөлді. Бұқтырма ГЭС-і 40 млн теңге көлемінде өтемақы беруге тиіс, бірақ олар бұл сомаға келіспей отыр. Біз экономикалық сотқа арыздандық, - дейді Санақбек Кітапбаев.


Облыстық ГЭС-тердің құрылыстарына арналған балық қорғайтын құрылғылардың жобасы әзірленіпті. Бірақ бөгеттердің көлемін ескеретін болса, мұның барлығы өте қымбатқа шығады, сол себепті бұл құрылғыларды орнату туралы әлі сөз қозғалмайды. Қоршаған ортаға келтірілген зардаптың орнын тек балық жіберу арқылы ғана толтыруға тура келеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив