KZ
Өскемен
ясно Штиль
479.23 534.96 5.16

Өскемендік кәсіпкерлер ақша қабылдайтын ақылды дәретхана жобасын ұсынып отыр

22.05.2018, 10:31 196

Өскемендік кәсіпкерлер ақылды дәретхана жобасын ұсынып отыр, деп хабарлайды Алтайньюс YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.


Шығыс өңірі еліміздегі туристік аймақтардың бірі саналатындықтан, өңірде жол бойында орналасқан дәмханалар мен асханалардың саны көп. Олардың көпшілігінің жағдайы мәз емес, жарық, тазалық жағын айтпағанның өзінде,  аталған дәретханалардың жай ғана қалқа екені жасырын емес.


Жаңа жобаға сәйкес дәретхана иесі өзінің өнімінен түсетін қаржының есебінен дәретханаларды таза және ұқыпты ұстауы тиіс. Дәретхана бизнесінен түсетін пайда, оның қызметіне сай болуы керек. Бұл - жол бойындағы қызмет сапасының өсуіне де үлкен сеп.


Жоба дайын тұр, ендігі қиындық - біз жол бойындағы дәмхана иесінің учаскесіне аталған дәретхананы күштеп орналастыра алмауымызда. Дәретхананы жуғылары келмейді, бірақ одан пайда түседі ғой. Оңтүстік өңірлерде бұл мәселе баяғыда жолға қойылған. Оңтүстік Корея, Қытай сияқты елдерде 2015 жылдардан бері «Дәретхана революциясы» деп аталатын ауқымды бағдарлама жүргізіліп келеді. Бұл жерде барлығы дәмхана иелерінің қалауы мен ниетіне байланысты,-дейді ШҚО туризм басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив