KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 2 м/с, З
479.23 534.96 5.16

Назым Қызайбай төртінші мәрте Қазақстан чемпионы атанды

17.05.2018, 07:29 207



Астанада бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан Қазақстан біріншілігінде Назым Қызайбай чемпион атанды.



Назым финалда оңтүстікқазақстандық Жайна Шекербековамен қолғап түйістіріп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Бұл Назым Қызайбайдың ел біріншілігінде төртінші рет топ жаруы. Сондай-ақ, 48 келі салмақта жамбылдық Алуа Балқыбекова чемпион атанды. Ол финалда Ақмола облысының спортшысы Айгерім Қасенаевадан айласын асырды. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылғы ел біріншілігінде де осы екі боксшы финалда жұдырықтасып, Назым Қызайбайдың жеңісімен аяқталған болатын.


 


Дереккөз: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив