KZ
Өскемен
переменная облачность жел 0,3 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

1 топтағы мүгедек балаларды бағып-күту мерзімі еңбек өтіліне енгізілетін болды

17.05.2018, 04:52 116

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап 1 топтағы мүгедек балаларды бағып-күту мерзімі еңбек өтіліне енгізілетін болды. Бұл жайында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Унжакова фейсбук әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында жазды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


«Мүгедек балаларды бағып-күту мәселелері сайлаушылармен кездесу барысында жиі көтеріледі. 1 топтағы мүгедек балаларды бағып-күтетіндер аса ауыр жағдайда. Қазақстанда осындай 660 000 бала бар. Бұл баланы күтіп отырған ата-анадан, көп жағдайда шешесінен өте көп эмоционалды және физикалық күш талап етеді! Бүгін Мәжіліс депутаттары бірінші оқылуында, балаларды бағып-күткен мерзімді еңбек нарығына қатысқан жылдарға жатқызып, еңбек өтіліне енгізуге дауыс берді! Норма қолданысқа 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізіледі. Толығырақ заң жобасы қабылданғаннан кейін» делінген мәжіліс депутатының парақшасында.


Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова мүгедектер құқығы мәселелеріне арналған семинар-жиналыста


балалар мүгедектігін түрлі санаттарға бөлуді ұсынған болатын. Қазір елімізде 16 жасқа дейінгі балалардың мүгедектігі топқа бөлінбейді, бала кезден мүгедек болып саналады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив