KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

«Халифа Алтай» мешітінің имамдары Рамазан айының неліктен бір күнге шегерілгендігін түсіндірді

16.05.2018, 09:18 272

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Өскемен өңірі бойынша өкіл имамы, облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек қажы Мұқатай брифинг өткізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Брифинг барысында «Халифа Алтай» мешітінің имамдары әлем мұсылмандарының дені басталуын мамырдың 16-сына белгілеп отырған Рамазан айының неліктен бір күн кейінге, яғни 17-сіне шегерілгендігін түсіндірді. Ермек қажы Мұқатайдың сөзіне қарағанда, басты себеп астрономиялық ғылыми негіздерге байланысты болған.


Облыстық «Халифа Алтай» мешітінің имамдары осынау қайырымдылық айында мұқтаж жандарға көмек көрсетуді де жоспарлап отыр. Бұдан бөлек имамдар ораза ұстаған қауымға күн сайын мешіттерде ауызашар ұйымдастыратын болады.


Сонымен қоса биыл ораза кезінде Түркиядан арнайы шақыртумен келген үш қари Өскемендегі, сондай-ақ Зайсан мен Ұлан аудандарындағы мешіттерде оқылатын тарауих намазында Құран Кәрімді толық оқитын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив