KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
478.54 533.76 5.17

Риддердегі уланған өзендердің экологиялық жағдайы жақсарып келеді

14.05.2018, 10:13 100

Өнеркәсіпті қала Риддер өңіріндегі өзендер осы уақытқа дейін төтенше аса жоғары деңгейде ластанған өзендер қатарына жатқызылып келген болатын. Былтырдан бері өзен-суларының сапасы жақсарып, экологиялық жағдайы оңалып отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Риддер кен байыту комбинатында жүзеге асырылып жатқан су қорғау шараларының нәтижесінде өзендердің ластану деңгейі былтырдан бері әжептәуір төмендеген. 2016 жылы «Казгидромет» орталығының мәліметтері бойынша кеніштердің тазартылған қалдық сулары құйылып жатқан Риддердегі Филипповка, Үлбі өзендері төтенше жоғары ластанған өзендер санатына жатқызылған болса, 2017 жылдың маусымынан бастап олар аздаған мөлшерде ластанған өзен қатарына енгізілген. Сандық көрсеткішпен айтар болсақ өзен суындағы ластаушы заттар көлемі 2,5 есе төмендепті.


-Комбинаттың өндірістік бөлімшелерінің бәрінде өндіріс, кеніш суларын тазалау құрылғылары бар. Комбинат фабрикасының қалдықсулары өндірістің су айналымы жүйесінде бірнеше қайтары күрделі тазалаудан өтіп барып қана өзендерге жіберіліп жатыр. Риддер -Сокольный кенішінің тазалау құрылғылары 2014 жылы қайта жаңартылып, кеніштің қалдық суларын тазалау мүмкіндігі, имараттың өнімділігі арттырылды. Компания өзендерге жақын жатқан үш мемлекеттік қалдықтар орынынан (1991жылға дейін жиналған) бөлініп жатқан суларды да тазалап, өзенге құйылмауының алдын алып келеді. Оларды тиімді тазалау жұмыстары алдағы уақытта жетілдіріле бермек,-дейді Риддер кен байыту комбинаты экологиялық қызметінің басшысы Татьяна Колбина.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив