KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 2 м/с, СШ
479.23 534.96 5.16

Марқакөлге барар жол шайылған

4.05.2018, 04:17 57

Сәуір айының аяғын ала жауған қар мен ақ жауын Күршім ауданы Төсқайың ауылдық округіне қарасты жолдар мен көпірлерді шайып, Марқакөл көліне қатынасты қиындата түскен.



- «Қарағаш» телімінде 500 метр, Қымыз ауылы тұсының 45-ші шақырымында 200 метр, Ұранхай ауылына таяу 49-шы шақырымда 500 метр және 61-ші, 76-шы, 81-ші шақырымдарда көпірлерді шайып кетті,-дейді Төсқайың ауылдық округінің әкімі Алиджан Беткембаев.- Биылғы қыста қардың аз түсуі Марқа өңірінің тұрғындарына қиын соқты. Қатты аяздан 1,5 метрге дейін тереңге кеткен тоңнан Марқакөл ауылындағы 56 ауыз су колонкасының 50-і қатып, коммуналдық шаруашылық жұмысшылары тынымсыз еңбек етті.

Соңғы мәлімет бойынша, қазір аталған жол учаскелерінде «ОблШығысЖол» ЖШС жұмысшылары қауырт жұмыс бастап кеткен. Екі грейдер, үш самосвал, бір тиегіш, ГАЗ-66 көліктері жұмылдырылған. Барлығы көпір асты үш құбыр ауыстырылып, суағар арналар мен дамбы жасалуы тиіс. Ауылдық әкімдік тарапынан бірінші күні 18, екінші күні 10 адам көмек қолы ретінде жұмыс істеп, көпір астына қатқан мұзды аршуға көмектескен.


Бүгінгі күнге құбылмалы күн райы жұмыс жүргізуге кедергі келтіріп, жауған қар жұмыс барысын қиындатуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив