KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

ШҚО әкімі Даниал Ахметов облыс тұрғындарын Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтады

1.05.2018, 03:50 177

Құрметті жерлестер!


Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!

Біз үшін бұл – аса маңызды мерекелердің бірі. Тағдыры ортақ, мақсаты бір халқымыз, жасампаз еңбегімен қуатты мемлекет құруға жұмыла кірісті. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жеріміздегі тыныштықты сақтауға үлкен көңіл бөліп келеді. Соның арқасында бүгінде біз көптеген елдер үшін бейбітшілік пен достықтың бақытты мекеніне айналдық.

Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік моделін нығайтуға Елбасы құрған бірегей институт – Қазақстан халқы Ассамблеясы елеулі үлес қосып, рухани жаңғыру процесінің көшін бастады.

Бүгінде азаматтық құқықтар мен еркіндіктерге ел Конституциясы кепілдік береді. Қазақстанда тұрып жатқан халықтың мәдениетін, тілі мен салт-дәстүрін дамыту үшін барлық жағдайлар жасалған. Бұл – мемлекеттің және бүкіл қоғамымыздың зор еңбегі.

Мереке күні барлық шығысқазақстандықтарға мықты денсаулық, бақыт және береке-бірлік тілеймін. Әр шаңырақта бейбіт өмір мен ырыс-ынтымақ салтанат құрсын!


Даниал АХМЕТОВ,

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив